BANNER

Техаста су тасқыны салдарынан 120 адам қаза тауып, 160 адам із-түссіз жоғалып кетті

Фото: edition.cnn.com

Техастағы алапат су тасқынынан 160 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 120-ға жетті. Керр округінде қаза болғандар саны 96. 

Керр округінде 96 адам қайтыс болды (60 ересек және 36 бала) және Mystic лагерінен бес бала мен бір тәрбиеші із-түзсіз жоғалып кеткен”, – делінген хабарламада.

NASA құтқару жұмыстары үшін екі ұшақ жіберді. Олардың айтуынша, бұлтты ауа райына байланысты аймақтардың нақты спутниктік суреттерін алу қиындаған. Алайда басқа ұшқыштар орын туралы ақпаратты жинауға көмектесіп жатыр екен.

Ал округ тұрғындары төтенше жағдай туралы алдын ала хабар алмағанын айтып, шағым білдірді. Олар дабыл жүйелерін орнатуды талап ететін онлайн петицияға қол жинап жатыр. Техастағы су тасқыны 4 шілде күні таңертең Гвадалупе өзені жарылып, Керр округі мен басқа аймақтарды су басқаннан кейін болды. Су деңгейі небәрі 45 минутта 26 футқа көтерілді.