Қопа ауылында былтыр 2 қыркүйекте болған оқушы өлімі бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Іске қатысты алты жоғары сынып оқушысы күдікті ретінде қаралды, ал жәбірленушілер саны он екі болды.
Сот үкімі бойынша үш оқушы “Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бiрнеше рет бұзақылық жасау” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.
Қалған үш оқушы “Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғу” бабы бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ақтөбе облысында 14 жастағы баланы оқушылар ұрып өлтірген: Даулы іске үкім шықты

Stan.kz