Оқиға 26 шілдеде Астанада “Шығыс” тұрғын үй кешенінің ауласында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жәбірленушінің анасының сөзінше, сол күні 6 жасар қызы достарымен ойнап жүрген. Сол сәтте 10 жасар қыздар қақпаға турник тәрізді тартылған. Қыз "Олай істеуге болмайды" деп айтып үлгергенше, үстіне қақпа құлаған. Салдарынан қыздың басы жарылып, комаға түсіп, қарақұсын алып тастаған. Қызға 2 ота жасалған. 3 күн реанимацияда жасанды тыныс алу аппаратында жатып, 4-күні ғана оянған. Қазір қыз нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр екен.
Оқиға болған күні полиция ауруханаға келіп, арызды қабылдаған. Қылмыстық іс қозғаған. Тергеу басталды. Мәліметке сәйкес, алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен. Дегенмен олардың тарапынан ешкім байланысқа шықпаған. Енді ана компаниядан қызының еміне кеткен шығынды өндіріп алуға ниетті.