BANNER

Мүфтият қажылыққа жинаған ақшасын қайырымдылыққа берген атаға жолдама сыйлады

Фото: https://t.me/stankznews/22172

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының бас имамы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдамасын  ақсақалға арнайы барып тапсырды.

Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратқан. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен.