Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аурухананың бас есепшісі медициналық кереуетті сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.
"Тендер нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 миллион теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған. Осылайша негізсіз қосылған шығын көлемі 129 миллион теңгеге жетті. Тергеу барысында күдіктілердің 111 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
0

Мемлекетке келтірілген 129 миллион теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.