BANNER

Атырауда бассейнге барған 14 адам хлордан уланып қалды

Фото: Ru.freepik.com

13 шілде күні Атыраудағы бассейнге барған адамдардың денсаулығы сыр берген. Олар хлордан улануы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бассейнге барған 14 адам медициналық көмекке жүгінді. Үшеуі ауруханаға жатқызылды, жағдайлары тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

“Індетке қарсы шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы бойынша шекті мөлшерден асып кету анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасымен зардап шеккендер облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды. Сондай-ақ өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеріс жүргізу тапсырылды.