Оқиға Түркістан облысы Төлеби ауданында болды. 36 жастағы турист Мәдени ауылынан 500 метр жердегі каньонға түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам тереңдігі 50 метрлік каньонға түсіп, өз бетінше қайта шыға алмай қалған. Істің насырға шапқанын көрген достары бірден 112-ге хабарласып, төтеншеліктерді көмекке шақырды.
Оқиға орнына жедел құтқару тобы жетті. Құтқарушылар дереу каньонға түсіп, оны арнайы қауіпсіздік жүйесімен байлап, құтқару арқанының көмегімен жер бетіне шығарды.