Қазақстандық спортшы Сергей Веселов 27 маусым күні Сауд Арабиясының Мекке қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
3 қыркүйекте сот отырысы өтіп, сот Сергей Веселовты қаржылық алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
Спортшының отбасы ұлдарының не себепті ұсталғанын әлі күнге түсіне алмай отыр.
Сергей Веселов – 19 жастағы риддерлік спортшы. Ол пауэрлифтинг бойынша бірнеше дүркін облыс чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері атанған.
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында түрмеге қамалды

Stan.kz