BANNER

Алтын бағасы тағы да рекорд жаңартты

Сурет: Midjourney

Comex тауар биржасында алтын фьючерстерінің бағасы бір унция үшін 4050 доллардан асты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Астана уақытымен cағат 10:05-те бағалы металдың троя унциясы $4 051,80 (+0,36%) деңгейінде саудаланды. Сағат 10:15-те баға бір унция үшін 4 052,70 долларға жетті (+0,38%).

ВВС мәліметінше, алтынның бағасы 2025 жылдың басынан бері 50%-дан астам қымбаттады, құйма алтын соңғы екі айдан аз уақыт ішінде 20%-дан астам қымбаттады.

Сарапшылардың түсіндіруінше, мұндай қарқынды өсімге инвесторлардың инфляция мен қарыз деңгейінің өсуіне алаңдаушылық білдіріп, бағалы металға ақша салып жатқаны, ал орталық банктер активтерді әртараптандыру үшін сатып алуы себеп болып отыр.

Еске салсақ, 6 қазанда алтынның бағасы бұған дейін болмаған жоғары деңгейге жетті.

Comex тауар биржасында алтын фьючерстерінің бағасы бір унция үшін 3 900 доллардан асты.