Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтті. Тегін балмұздақ "Тұран-2" ықшамауданындағы "Жаңалық" сауда үйінің жанында таратылған.
Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.
Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.