BANNER

Шымкенттік кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін қамауға алынды

Фото: Pixabay.com

Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.   

Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтті. Тегін балмұздақ "Тұран-2" ықшамауданындағы "Жаңалық" сауда үйінің жанында таратылған.

Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.

Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.