BANNER

Ресей ғарышкерлері мен NASA астронавты Қазақстанға қонды

Фото: baq.kz

«Союз МС-26» ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстанға сәтті қонды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

20 сәуір күні Қазақстанның Жезқазған маңында Ресей ғарышкерлері Алексей Овчинин мен Иван Вагнер және NASA астронавты Дональд Петтит мінген «Союз МС-26» пилотталған кемесінің қайту капсуласы сәтті қонды. Бұл туралы Роскосмос мәлім етті.

Капсула Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) 20 сәуірге қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:57-де ажырап, 03:27-де тежеу маневрі орындалды. Орбитадан шығу мен тежеу сәтінен кейін аппарат Жер атмосферасының тығыз қабатына еніп, парашютпен қонуға дайындалды.

Ғарыш кемесі Қазақстан даласына сәтті қонып, іздеу-құтқару тобының мамандары дер кезінде жетіп, ғарышкерлер мен астронавтты сыртқа шығарды.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипаждар үшін дәстүрлі түрде қону алаңы ретінде пайдаланылады.