Желіде баланың жанұшыра жылап, ер адамның дауыс көтеріп жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Анасы баласына араша түсуге тырысқанда ер адам оған жекіп, балағат сөздер айтқан. Видеоны желіге баланың анасы жариялаған. Оның сөзінше, экс-жолдасы ұлына кәлима үйрету үшін шаңсорғышты қосып, бір бөлмеге қамап қойып жүрген. Салдарынан бала мүлде сөйлей алмай қалған. Тіпті әйелдің өзіне де қол көтерген екен. Қазір әйел ұлын жалғыз өсіріп жатыр. Ал экс-жолдасы болса сотта алимент төлемес үшін баласынан бас тартуға тырысқан. Бар дүниесін жасырып, жұмыссыз ретінде тіркеліп те үлгеріпті. Дегенмен ол бүкіл Орал қаласы танитын, сыйлы, қайырымдылықпен айналысатын жан екен. Ал полицияның мәліметінше, ерлі-зайыпты заңды некеге тұрмаған. Олар діни неке ғана қидырған. Қазір алимент өндіру жөніндегі азаматтық іс қаралып жатыр екен.