Желіде Балқаштағы демалыс орнында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Кадрларда бойжеткен қайық тізгіндеген жігіттердің оқыс қимылының салдарынан қыздардың суға түсіп, батып кете жаздағанын айтты. Бойжеткеннің сөзінше, су көлігіне мінер кезде қыздардың бірі жүзе алмайтынын ескертіп, артық қимыл жасамауды сұраған. Дегенмен жігіттер оны ескермей, кенет бұрылыс жасаған. Салдарынан қыздар суға құлаған. Бірі құтқару жилетін дұрыс кимесе, екіншісінің шомылу киімі тросқа оралып, тұншыға бастаған. Ал қызметкерлер көмектесуге асықпай, керісінше күліп қарап тұрған. Сол сәтте қыздардың бірі есінен танған. Басқалары оны жағаға шығарып, дәрігерлерге тапсырған. Жедел жәрдем үш адамды "аспирациялық пневмония" диагнозымен ауруханаға жеткізген.
"Екі сіңлім өліп кете жаздады, ал олар күліп тұрды"

Фото: Google