BANNER

Атырау аквапаркінде уланған балалар: Бассейн басшысы қамауға алынды

Фото: Ru.freepik.com

Атырудағы бассейнде балалар жаппай уланған соң Palma аквапаркінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қаласының тергеу сотының қаулысымен бассейн басшысына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Куәгерлердің айтуынша, бассейн ішінде хлордың иісі күрт күшейіп, су лайланып кеткен. Балалар жөтеліп, есінен тана бастаған. Ата-аналар оларды қолдарына көтеріп, далаға алып шыққан. Оқиға орнына дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі жедел жеткен.

Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға хлорқұрамды заттардың мөлшерден тыс қосылуы себеп болған. Бассейн иелері су тазарту жүйесінде ақау болғанын мойындады. Оқиғадан кейін нысан уақытша жабылып, ТЖД мен прокуратура тексеру жұмыстарын бастаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін бассейн басшысы үйқамақта болады.