16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк кенеттен тұтанып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасам. Соның салдарынан ол ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген.
"Жедел жәрдем бригадасы оны қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде денесінің 20 пайызын зақымданған ІІІ Б дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойды", – деді Алматы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Курметбек Тоқтар.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ол тиісті бөлімшеде ем алып жатыр.
t.me/stankznews