BANNER

Алматы облысында балалар 2 жылдан бері дүкен ғимаратында оқуға мәжбүр

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы Нұра ауылындағы жалғыз мектеп қайта жаңарту жұмыстарына жабылып, мектеп оқушылар дүкенде оқуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындарға оқу жылына дейін аяқтауға уәде берген. Алайда жөндеу жұмыстары 2 жылға созылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мектепсіз қалған балалар әкімдіктің тар бөлмелерінде, мәдениет үйінде, тіпті дүкенде оқып жүр. Ата-аналар мұндай жағдайда балалары сапалы білім ала алмайды ма деп алаңдайды. 

“Мектепті жөндеуге жауып тастады. Жұмыс тоқтап тұр. Құрылысшылар мүлде жоқ. Үшінші жыл қатарынан бізге тек құр уәде беріп келеді. Тағы да әрқайсымызды әр жаққа бөліп жібереді ме деп қорқамыз. Ал балаларымыз дұрыс білім ала алмай жүр”, – дейді мектеп жасындағы үш баласы бар Арай Мұратова.

Мектепті 2023 жылдың мамыр айында, оқу жылы аяқталмай жатып жауып тастаған. Ол кезде ата-аналарға: ескі ғимаратты жаздың үш айында жөндеп үлгеру керек деп түсіндірді. Балаларды уақытша әкімдікке, мәдениет үйіне орналастырды, тіпті сабақтар дүкеннің ішінде де өтті. Екі жыл өтті, бірақ ештеңе өзгерген жоқ дейді тұрғындар.

“Өткен жылы бізге дүкен ішінен бір бөлме берді. Сол үшін де дүкен иесіне алғысымыз шексіз. Сол жерде оқыдық. Ал биыл үшінші жыл, қайда оқитынымызды өзіміз де білмейміз. Бұл – біздің мектебіміз. Бізді басқа жаққа ауыстырып жібереді ме деп уайымдаймыз. Біз тек мектептің құрылысын аяқтап берсе дейміз. Балаларымыз осында, өз мектебінде, дұрыс білім алса дейміз”, – дейді ата-анадардың бірі Анаргүл Айтрахимова.

Мұнда қоңырау кезінде бір ғимараттен екіншісіне сабағына кешігіп қалмас үшін жүгіретін мұғалімдерге қиын. Сабақ уақыты 30 минутқа қысқартылды. Ата-аналар жөндеу жұмыстарының нақты аяқталу мерзімін айтуды талап етіп отыр. Ал жөндеуді бастаған мердігер мекеме жұмысты неге уақытында аяқтай алмағанын түсіндіріп, ақталуға тырысты. Айтуынша, компания қиын қаржылық жағдайға тап болған.

Жергілікті билік мердігер компанияны сотқа беріп, қазірдің өзінде жаңа жұмысшыларды жалдады. 1 қыркүйекке дейін әрлеу жұмыстарын аяқтап, жылу және жарық жүйесін орнатуы керек. Ал білім бөлімі барлық жұмысты қатаң бақылауда ұстаймыз деп сендірді.

“Бастапқыда бұл нысанды жыл соңына дейін аяқтауға болатын еді, бірақ мердігерлер өздері оқу корпусын 1 қыркүйекке дейін тапсырамыз деп міндеттеме алды, балалар сабақтарын дер кезінде бастай алуы үшін. Смета қайта қаралғаннан кейін құны 414 миллионнан 623 миллион теңгеге дейін өсті, бұл қаражат толық бар. Қаржыландыру жағынан мәселе жоқ. Егер жұмыстар сапалы орындалып, тиісті құжаттар уақтылы тапсырылса, төлемді тамыз айында – нақты орындалған жұмысқа қарай жүргіземіз”, – дейді Талғар ауданының білім бөлімі мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепшісі Майра Боскымбаева.

Бірақ ата-аналар балалардың оқу жылында мектепте отыратынына сенбейді. Айтуларынша, жаңадан орнатылған терезелер сынған, ал қабырғалардағы сылақ түсіп жатыр.