Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін Жапония жағалауына 4 кит шығып қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Камчатка жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Жапонияның Тиба префектурасындағы жағалауға 4 кит шығып қалған.
Жергілікті тұрғын Хейсаура жағажайында (Татэяма қаласы) серфингке дейін толқын жағдайын тексеруге келгенде, жағада жатқан 4 сүтқоректі жануарды байқаған.⠀
Бұған дейін де жағалауға шығып қалған китті көргенмін, бірақ алғаш рет бірден төртеуін көріп тұрмын, – дейді ол.
Еске сала кетейік, Камчатка жағалауында магнитудасы 8,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Аймақта цунами қаупі жарияланды.
Жапонияның жағалау аймақтарында да сейсмикалық белсенділікке байланысты қауіп жоғары күйінде қалып отыр.