BANNER

Жаңаөзенде дәрігерге жасалған шабуыл адам өлімімен аяқталды

Фото: Life09

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемелердің бірінің дәлізінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. Белгісіз ер адам терапевт дәрігерге пышақпен шабуыл жасап, ауыр жарақат салған. Оқиға салдарынан 29 жастағы жас маман оқиға орнында қаза тапты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала деректер бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық себептерге байланысты туындаған.

Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр.