Бүгін, 19 қазанда, Қазақстанда Құтқарушы күні атап өтіледі.
1995 жылы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы күн құтқарушылардың кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Өз өмірін қатерге тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалуға асығатын құтқарушылардың еңбегі зор құрметке лайық.
Барша құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым абыроймен атқарып жүрген міндеттеріңізде қауіп-қатерден аман болып, ел алғысына бөлене беріңіздер!