Алматы қаласының тұрғыны жаңа Конституцияда шетел азаматтарына жер сату бойынша тыйым алынып тасталды деген жалған мәлімет таратқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.
Алматы қалалық аудандық әкімшілік сотының шешімімен А. есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны жалған ақпарат таратқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Құқық қорғау органдары азаматтарға әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жариялау заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапкершілікке тартылды
Фото: Gemini ИИ

