BANNER

“Заң жүзінде рұқсат етілген”: Басы дауға қалған Жанәбіловтардың адвокаты мәлімдеме жасады

Stan.kz

Адвокат Олег Чернов блогерлер өз позицияларын сотта қорғауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Сот отырысы ашық түрде өтеді деп күтілуде.

"Әлеуметтік желілерде басқа ірі блогерлер мен компаниялар да тауар мен қызметті сату мақсатында сыйлық лотереяларын жарнамалайды, алайда біз ондай қызу тексеріс байқамадық. Мұндай оннан астам мысал бар. Мен олардың қызметін заңсыз деп айтпас едім", – деді ол.

Оның сөзінше Жанәбіловтар онлайн-курстарын сатқан. Оған қосымша қызметтерін насихаттау мақсатында әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы сыйлықтар туралы ақпарат таратқан.

Тауар немесе қызмет сатуды ынталандыру мақсатында өткізетін сыйлық лотереялары лотереяға жатпайтынын алға тартты адвокат.