BANNER

Президент тапсырмаларын орындау: өңірлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жоба іске асырылды

Ukimet

«Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап 2024 жылға дейін республикалық бюджетке 701 млрд теңге бөлінді.

«Бұл қаражат әлеуметтік және инжинирингтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Биыл бұл жұмыс жалғасуда. 500 ауылда жалпы сомасы 200 млрд теңгеге 1000 жоба іске асырылуда»,

— деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбеков.

Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша биыл 50 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде алдағы 3 жылда ауылдағы бизнесті қолдауға бағытталған 25 мыңнан астам жобаны қаржыландыру үшін қосымша 450 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Дереккөз: Ukimet