Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Туысынан қорлық көрді деген бойжеткен биыл ақпан айында босаныпты. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді.
Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан ағайыны. Немере бағып отырған ол өз кінәсін толық мойындап, қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған

Фото: Canva