Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған

Фото: Canva

Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Туысынан қорлық көрді деген бойжеткен биыл ақпан айында босаныпты. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді.

Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан ағайыны. Немере бағып отырған ол өз кінәсін толық мойындап, қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.