BANNER

Сәтбаевта ер адам бойжеткенді зорламақ болды

Фото: видео скрин

Ұлытау облысында ер адам тұрғын үй кіреберісінде қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай кеше, 22 мамыр күні түнгі сағат 01:55-те болған. Көпқабатты тұрғын үйге кірген қыздың артынан егде жастағы ер адам ілеседі. Қызды тұншықтырып, сыртқы есікке қарай сүйрей жөнеледі. Қыз қатты айқайлап, құтылуға тырысады. Ер адам қыздың дауысы шыққаннан кейін қашып кетеді. Сол кезде бірінші қабаттағы көрші де шығып қалады. Ол қашып кеткен күдіктіні іздей бастайды.

Полицияның хабарлауынша, күдікті көп ұзамай ұсталған. 

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.