Ресейде металлургиялық комбинат аумағында екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында болған
"14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері – Қазақстан азаматтарының денесі табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туыстарына терең көңіл айтамыз", – делінген "Северсталь" компаниясының хабарламасында.
Вологда облысы бойынша Ресейде Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептері анықталуда.
