Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне ерекше тоқталды.
«Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», - деді Президент.
Аймақта жаңа әуежай, 11 мың орындық заманауи стадион бой көтерді. Сондай-ақ 3 жылда 100-ден аса әлеуметтік-медициналық, мәдени-спорттық нысан салынды. Және ең маңызды жоба - инвестор есебінен жаңа жылу-электр орталығы жуырда іске қосылады.
Дереккөз: Qazaqstan.tv
