BANNER

Назарбаев зияткерлік мектебінде балалар бірін-бірі таптай жаздаған

Stan.kz

Оған телефон ұстауға салынған тыйым себеп болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Мектепке келген соң смартфонын тапсыратын 7-12 сынып оқушылары, кетерде оны қайтадан алмақ болған. Олардың сабағы бір уақытта аяқталғани соң, бәрі бір жерге жиналып, кептеліп қалған. Тіпті тап осылай бір сағаттай күтуге мәжбүр болған.

Ата-аналар бұл жағдай балалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін деп алаңдап отыр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебі басшылық тарапынан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданғанын жеткізді.