BANNER

Мерзімді қызметтегі сарбаз бен ата-анасы жол апатынан қаза тапты

t.me/stankznews

Қайғылы оқиға 28 маусым күні Абай облысындағы Аягөз қаласына жақын маңда болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
 

Сарбаз ата-анасымен демалыстан қайтып келе жатқан. Полиция мәліметінше, Toyota Lumiere көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Сосын қарсы келе жатқан Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Lumiere жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

 

Көз жұмған төртінші адам сарбаздың отбасын бөлімге апара жатқан такси жүргізушісі.