Қостанай облысындағы бірқатар мектепте 15 желтоқсанда бірінші ауысымда оқитын оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Амангелді және Жангелдин аудандарындағы 1–11 сынып оқушылары онлайн оқиды.
“Өңірде бүгін қар жауып, боран соғауы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15–20 метр, екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді, ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда кей уақытта секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 9–14 градус аяз, солтүстік пен батыста 17 градус аяз болады”, – деп мәлімдеді “Казгидромет”.
