BANNER

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Сурет: pixabay.com

2025 жылғы 27 мамыр күні таңертең Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,4. Энергетикалық класы — K=9,5.

Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.