Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожуховтың төрағалығымен қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтуде. Бүгін Қазыбек би ауданының тұрғындары тыңдауға қатысты. Іс-шара толығымен ашық форматта өтті.
Қоғамдық тыңдауда Орбита шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты тұрғындар өз алаңдаушылығын білдірді. Әкімшілік тарапы азаматтардың пікірін тыңдап, тиісті шараларды қабылдайтын болады. Жер иесінің 9 қабаттан 12 қабатқа өзгерту жөніндегі ұсынысына қарамастан, тұрғындар құрылыс толықтай тоқтатылсын деген талаптарын жеткізді. Қала әкімі Мейрам Қожухов бұл мәселені жеке бақылауына алып қана қоймай, кейінірек арнайы талқылауды ұсынды. Сондай-ақ, аиалған жер телімінің иесімен балама шешімге келу үшін келіссөздер жүргізуге уәде берді. Бұл – халықтың пікірін ашық әрі мұқият тыңдау арқылы тұрғындар мен мердігерлердің мүдделері арасында тепе-теңдік табудың жарқын үлгісі.