МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
Кеңес отырысында Шахтинск қаласы әкімі, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысымен заң бұзудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.
Жиын соңында кеңес мүшелерімен қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заң бұзудың алдын-алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізуді күшейтуге бағытталған ұсыныстар айтылды.