BANNER

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі алтын медаль еншіледі

Фото: olympic.kz

9-10 шілде аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы төрт жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екі балуан алтыннан алқа тақты.

87 келі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанса, 82 келі салмақта Диас Сейітқалиев те Азия чемпионы атағын иеленді.

Бұдан бөлек, 77 келіде күрескен Омар Дүйсенбек екінші орынды иемденсе, 55 келіде сынға түскен Мұсан Ерасыл үшінші орыннан көрінді.