«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының бұйрығымен
«Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары қызметіне Айман Сағатай тағайындалды.
Айман Сағатай бұған дейін республикалық Atameken Business телеарнасының аймақтық тілшісі болып еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы бірқатар маңызды тақырыптарды көтерді.
Жаңа қызметінде ол жастар саясатын дамытуға бағытталған бастамаларды іске асырумен қатар, орталықтың ақпараттық саясаты мен қоғаммен байланыс бағытындағы жұмыстарына жетекшілік етеді.
Айман Сағатай Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары болып тағайындалды
Фото: Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығынан
