Алматы қалалық перинаталдық орталығында 39 жастағы алматылық әйел үшем сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін отбасында үш бала болған, нәтижесінде ана бірден алты баланың анасы атанып отыр.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүктілік табиғи жолмен жүзеге асқан және қосалқы репродуктивті технология қолданылмаған. Мұндай жағдай акушерлік тәжірибеде сирек кездеседі.
Босану жүктіліктің 32 апта 2 күнінде шұғыл түрде кесар тілігі арқылы өтті. Дүниеге екі ұл және бір қыз келді. Шала туған сәбилер алғашқы минуттардан бастап дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда балалар салмақ қосып келеді, жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, алдағы уақытта ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр.
Алматыда үшем дүниеге келді
Фото: Gemini ИИ
