23 маусымда кешке Отар-Алматы-1 учаскесінде қайғылы оқиға болды. Екі адам жолға шығып, пойыздың астына түскен. "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі өкілі оқиғаның егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, Ақсеңгір-Бұрындай аралығында екі адам кенет пойыздың алдына шығып, екінші жаққа өтпек болған. Машинист белгі берген, бірақ екі адам оған жауап қатпаған. Оларға дейінгі қашықтық аз болғандықтан, пойыз шұғыл тоқтауға үлгермеген. Салдарынан екі адам да қайтыс болды.