Қазгидромет мамандары алдағы күндері шығыс өңірде үш градус аяз болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Суық антициклон елдің шығыс бөлігіне әсер етуін жалғастырады. Түнгі уақытта жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Тіпті республиканың оңтүстік-шығысында да күннің салқындауы байқалады. Алайда күндіз 20-25 градусқа дейін күн жылы болады.
Елдің батысына Иранның жылы ауа массалары әсер етеді, жауын-шашын болмайды және ауа температурасы 33-38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.