BANNER

5451 әскери бөліміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты іссапармен келді

Фото: ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметінен

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Куспеков Олжас Хайруллаевич арнайы іссапармен 5451 әскери бөліміне келді. Сапар аясында халық қалаулысы әскери бөлімнің қызметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, жеке құраммен кездесіп, олардың қызмет барысын көзбен көрді.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері, тұрмыстық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, сондай-ақ әскери инфрақұрылымның қазіргі ахуалы жан-жақты қарастырылды.

Депутат атап өткендей, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын арттыруға, сондай-ақ бөлімнің тұрақты дамуына оң ықпал етуде. Әскерилердің кәсіби деңгейін көтеруге, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Осындай кездесулер – әскеріміздің әлеуетін күшейтіп, ел қорғаны болар азаматтардың еңбегіне көрсетілген зор құрмет. Қарулы Күштердің беделін арттырумен қатар, әскери қызметті таңдаған жастар үшін үлкен мотивациялық маңызы бар.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қызмет әрдайым жоғары бағалануы тиіс. Бұл – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі