BANNER

4 жасар баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрған әйелге қатысты сот шешімі шықты

Фото: ЖИ Gemini

Жетісу облысы Панфилов аудандық сотында күдікті 28 жастағы әйелге қатысты іс қаралды.

 

Тергеу барысында әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

Сот сараптама қорытындыларын ескере отырып, әйелді мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

 

"Әйелге мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар, күтім мен емдеуді қажет ететін жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған. Қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмаған. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық шара қолданылды”, – делінген сот хабарламасында.