BANNER

Қарағанды облысында Крещение мерекесінде қай жерде суға түсуге болады

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан | Gov.kz

Жыл сайын 19 қаңтарда атап өтілетін Христиандық Крещение Господне мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының құтқару қызметтері қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Мамандар суға түсу орындарын тексеріп, мұздың қалыңдығын өлшеуде.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, облыс аумағында крещендік шомылуға арналған 19 ресми орын дайындалған:

Қарағанды — «Маяк» яхт-клубы аумағындағы Фёдоров су қоймасы;

Балқаш — қалалық дамба;

Саран — Саран су қоймасы;

Шахтинск — Ленин атындағы шахта ауданындағы су айдыны;

Приозёрск — құтқару бекетінің маңында;

Осакаров ауданы: Молодёжный кенті — Қ.И. Сәтбаев атындағы канал филиалы КУЭ №11 гидроторабы; Пионерское ауылы — Есіл өзені; Есіл ауылы — Есіл өзені;

Нұра ауданы — Құндызды өзені;

Бұқар жырау ауданы: Нұра өзені — Ботақара кенті маңында; Ошағанды өзені — Центральное ауылы маңында; «Ясная сказка» демалыс аймағындағы су айдыны — Жаңа Узенка кенті; Нұра өзені — Шешенқара ауылы маңында;

Теміртау: қалалық жағажай; «Семь пятниц» жағажайы; «Космонавт» және «Qarmet» АҚ-ның конвертер цехы маңындағы демалыс аймағы;

Абай ауданы — Шерубай-Нұра су қоймасы.

Әрбір нысанда шомылу рәсімі кезінде құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен полиция өкілдері кезекшілік атқарады.

Қарағанды қаласында жабық купель Введен кафедралды соборының аумағында (Гапеев көшесі, 1а) дайындалады. Ол 19 қаңтар күні сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

ТЖД өкілдері шомылу тек ресми түрде жабдықталған орындарда ғана өтуі тиіс екенін ескертеді. Суға сүңгу орындарын өз бетімен дайындау өмірге қауіпті. Крещендік шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: мұздай суға түсер алдында денені шынықтырып алу, алдын ала сүлгі мен жылы, құрғақ киім дайындау, сондай-ақ рәсімге дейін де, одан кейін де алкогольдік ішімдік ішпеу керек. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға ерекше сақтық таныту ұсынылады.