BANNER

Экономикалық өсімнің әділетті жолы

Фото: Life09

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Экономикадағы теңсіздіктер туралы білеміз, оны жұрттан жасыратын ойымыз жоқ. Біз “өсім ауруын” міндетті түрде емдейміз. Нақты жоспарымыз бар»
деген сөзі ел дамуына деген ашықтық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Экономикалық өсім тек сандармен емес, халықтың тұрмыс сапасымен өлшенуі тиіс. Бар мәселені жасырмай, оны жүйелі түрде шешуге ұмтылу — мемлекет үшін ең дұрыс әрі әділ ұстаным. Бұл сөздер қоғамның сенімін нығайтып, әділетті әрі теңгерімді экономиканы қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдардың бар екенін көрсетеді.