Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 508,25 теңге, сату - 510,88 теңге;
- еуро: сатып алу - 591,71 теңге, сату - 596,43 теңге;
- рубль 6,42 - 6,53 теңге аралығында саудаланады.
- юань 73,73 - 76,56 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 506,00 теңгеден сатып алынады, 513,07 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 589,94 теңге, сату - 599,94 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге;
- юань 74,21 теңгеден сатып алынады, 78,19 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 20 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,42 теңгеге арзандап, 507,05 теңге болды.
