Түркістан облысында әйел жаңа туған сәбиін шұңқырға көміп кеткен

Фото: Life09

Қайғылы оқиға Сайрам ауданында болған. Әйел жүктілігін туыстарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған.

Толғағы үйінде басталып, ол дәретханада босанған. Кейін жаңа туған сәбиін шұңқырға тірідей лақтырып, үстін топырақ пен құммен жауып кеткен.

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындаған. Сот шешімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Дереккөз: Stan.kz