Алдын ала мәлімет бойынша, Айсұлу Бекмаханова өзі тұрған ғимараттың алтыншы қабатындағы балконнан көрші үйдің шатырына өтпек болған. Алайда екі ғимараттың арасындағы ойыққа құлап, жерасты қабатының деңгейіне түскен. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Марқұм Түркияға қыркүйек айында туристік визамен барған. Түркиялық басылымдардың жазуынша, ол елге Ресейдің 22 жастағы азаматшасымен бірге келіп, онымен бір пәтерде тұрған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық қыздың қайтыс болғанын растады. Қазір Түркияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста және оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Фото: Gemini ИИ