BANNER

Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды

Фото: Canva.com

 

Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда полицейлер ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы ер адамды ұстады.

Деректерге сәйкес, ол 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылымысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

"Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адамға полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі", - делінген хабарламада.