Бұл Семейдегі көпірден секірмек болған ер адамның жанайқайы. 40 жастағы тұрғын көпір бағанасына шығып, құтқарушыларды әбігерге салған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 21 тамыз күні кешке болған.
Ер адам өзін келіссөзге тартқан құтқарушыдан суши мен темекі сұраған. Соны жеткізсе ғана түсетінін айтқан. ТЖМ өкілдері тұрғынның сұрағанын жеткізіп, аман алып қалған. Мәліметке сәйкес, ер адам мас күйде болған. Ол полиция мен дәрігерлерге тапсырылған. Тұрғын қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Бұл жағдай желі қолданушыларын бейжай қалдырмай, қызу талқыға түсті. Олар: “Қазір көпірден секіргелі тұрмын. Маған ақ Cadillac пен пәтер беріңдер”, “Бұл адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіші. Ақшасыз қалу, үмітсіздік. Оған күлудің қажеті жоқ. Мүмкін өмірінде қиын жағдайлар болып жатқан шығар” деп жазды.