Департамент басшысы Ж. Сәрсен Қарағанды облысының қоғамдық кеңес төрағасы С. Байбосынов, қоғамдық кеңес мүшелері Ж. Сыздыковпен және Ж. Садыкановпен бірлесіп Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілерімен түсіндірме жұмысын өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік аппараттың қызметіне қоғамдық сенімді нығайту мәселелері талқыланды. Қоғамдық кеңес өкілдері қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер жайында айтты. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға қызметтік әдеп нормаларын сақтау және кәсіби біліктілікті үнемі арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сурет: МҚІА
