Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Анна Вабищевич ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын аясында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және тәртіптік жауапкершілік мәселелері,құмар ойындардан аулақ болу бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылып, нақты жағдайлар бойынша практикалық кеңестер берілді.